Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда облысынан егіздер ауылы табылды

Қызылорда облысынан егіздер ауылы табылды

   Қызылорда облысы Қазалы ауданының Ұрмаш Түктібаев атындағы ауылды егіздер ауылы деп атайды. Бұл ауылда егіздер көп, деп жазады Қазақпарат.
Ауылдағы егіздердің ең үлкені Жанарыс пен Бекарыс 30 жаста. Тәуелсіздік алатын жылдары өмірге елуген олар бүгінде білім саласында қызмет етеді. Сол жылы өмірге Алмат пен Самат есімді егіздер келді. Олар да елге қызмет етуде. Жас жігіттер музыкалық білім алып, қазір шығармашылықпен айналысып жүр. Аймақовтар отбасында да егіздер өмірге келген. Ержан Қостанай облысы Рудныйдағы педагогикалық колледжде оқып жатыр. Нұржан Астанада теміржолшы мамандығы бойынша оқуда.
Олардың ағайынды бауырлары Еділ мен Жайық, Абзал Қазалыда транспортты-техникалық колледжде оқып жатыр.
1997 жылы Киікбай Нағызәиев пен Айымгүл Алдамбергенованың отбасында Ерқанат пен Нұрқанат есімді егіздер өмірге келді. Балалар қазір 20 жаста. Бұл отбасында тағы да 30 жастағы егіз бар. Олар Бекзат пен Саят.
Нұрсұлтан мен Сара есімді егіздерге биыл 18 жас толды. Олар да осы ауыл тұрғындары.
2006 жылы Айдана мен Айбек Игенберген, Еркемай мен Асан есімді егіздер өмірге келген.
2010 жылы ауылда Толғанай мен Толағай Аманжол есімді егіздер, 2012 жылы Ақтілек пен Ақниет Жақайым есімді егіздер туды. Бүгінде ауылдағы егіздердің ең кішісі Маржан мен Айжан. Ауыл дәрігерінің айтуынша, жылына ауылд 45-50 бала өмірге келеді.

14 қаңтар 2019 ж. 1 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 083 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам