Головкин мен «Канело» үшінші рет жекпе-жекке шықпайтын болды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен биылғы жылдың көктемінде жекпе-жек өткізбейтін болды. Белгілі болғандай, «Канело» 4 мамырда америкалық Дэниел Джейкобспен жұдырықтасады.
Бұл туралы prosports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де ла Хойя Сауль Альварес пен Дэниел Джейкобстың жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді. Орта салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек 4 мамырда Лас-Вегастегі Т-Моbile аренасында өтеді.
Айта кетсек, бұған дейін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес биылғы жылы жұдырықтасуы мүмкін деп топшыланған еді. Алайда кейіннен қазақстандық боксшы «Канеломен» үшінші жекпе-жектен бас тартты.
Sports.kz порталының мәліметінше, Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр Головкиннің келесі қарсыласы WBO белбеуінің иегері Деметриус Эндрейд болуы мүмкін деп отыр.