Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ғалымдар екіқабат әйелдер үшін көп ұйықтау несімен зиян екенін айтып берді

Ғалымдар екіқабат әйелдер үшін көп ұйықтау несімен зиян екенін айтып берді

   Екіқабат әйел көп ұйықтаудың кесірінен жатырдағы сәбиінен айырылып қалуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Мичиган университетінің ғалымдары жүргізген зерттеуден, екіқабат әйел көп ұйықтаған сайын, баласынан айырылып қалу мүмкіндігі жоғарылай түсетіні белігілі болды. Ғалымдардың зерттеуі Birth журналында жарияланды.
Мамандардың сауалнамасына жүктіліктің 28 аптасында түсік тастаған жүз елуден астам әйел қатысты. Сондай-ақ бала босанған 480 әйел де сауалнамаға атсалысты.
Балаларынан айырылып қалған әйелдердің алпыс үш пайызы көбінесе ұзақ уақыт бойы ұйықтағанын, түнде сирек оянғанын айтты.
Ғалымдардың пікірінше, жүктіліктің соңғы кезеңдерінде түн ішінде оянып, дұрыстап ұйықтай алмаудың еш жамандығы жоқ. Бұл құбылыс дүниеге келетін балаға қорғаныс механизмі ретінде жұмыс істейді екен. Түн ішінде белсенділік танытатын ана вегатитивті жүйке жүйесін іске қосады, артериалды қан қысымын жоғарылатады. Жатырдағы баланың өсуіне көмектеседі. Ал ұзақ мерзімдегі төмен қан қысымы оның дамуына кедергісін тигізеді.
Зерттеудің өз ескертпелері бар екенін ұмытпаған жөн. Әйел адамға өзін қинап, сағат сайын оятқыш қоюға тыйым салынады. Бұл да бала үшін қауіпті. Нақтырақ айтқанда оның жүрегінің жұмысына кедергісін тигізуі мүмкін.
19 қаңтар 2019 ж. 1 058 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам