Әлемдегі алып акула видеоға түсірілді

Deep Blue өлген кашалоттың етін жеуге келген, Oушeн Pэмcи есімді дайвер онымен бірге түскен. Табиғатты қорғау The Shark Trust ұйымының маманы Джон Ричардсонның айтуынша, Deep Blue-мен мұхитта кездесу үлкен бақыт екен. Ғалымдар оның іші едәуір өскенін айтады: бәлікім ол жүкті болуы мүмкін. Акуланың ұрғашысы жүкті кезінде адам баласына зиян келтірмейді. Мамандардың айтуынша, бұл жыртқыштар адамға әуесқойлықтан немесе өз құрбаны екен деп қателескеннен шабуылдайды екен.