Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ІТ мамандары бас қосты

ІТ мамандары бас қосты

   Қызылордада «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «ІТ мамандарды даярлау» партиялық жобасы аясында «Welcome to IT» тақырыбында кездесу  өтті.
Елімізде Елбасының тапсырмасы бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында біршама оңды істер қолға алынды. «Нұр Отан» партиясы да цифрландыру бойынша – «Цифрлық партия», «Балаларға арналған тегін IT кластарын ашу», «ІТ мамандарын даярлау» жобаларын іске қосып, балалардың жаңа технология бойынша білім алуына қолжетімділікті арттырып отыр.
Басқосуда мамандар әлемдік ІТ нарыққа  шығу, өңірімізде кәсіби мамандар даярлау мәселесін жан-жақты талқылады.
Елбасы Жолдауында «ЭКСПО-2017» көрмесінде ІТ стартаптар дайындап, халықаралық технопарк құру туралы айтып өткен болатын. Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыру бағытында Сыр өңірінде «Балалар технопаркі» іске қосылды.
– Қазіргі таңда технопаркте ІТ саласына арналған 6 үйірме толыққанды жұмыс жасауда. Оқушыларға бағ­дарламалау тілін және робототехника негіздерін, қарапайым алгоритмдерді құрастыру дағдыларын, бағдарламалар мен веб-сайттар жасау, фото, видео, кинофильмдер, компьютерлік ойындар мен анимация түсіруді үйретеміз. Мұндай цифрлық біліктілігі бар оқушылар одан кейін қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі стартаптарға қатысып, өз жобаларын ұсынды және аз уақыт ішінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткіздік. Қазіргі таңда технопарктің ІТ үйірмелерінде қаламыздан 150-ге жуық оқушы оқытылуда, – деді үйірме жетекшісі Раушанбек Сариев.
С.Толыбеков атындағы №3 мек­теп-лицейінің директоры Меруерт Әбдіха­лықова қаладағы алғашқы инно­вация­лық ІТ білім ордасында оқығысы келетін оқушылардың саны артып келе жат­қандығын жеткізді.
«Абылай хан» атындағы жоғары колледж директоры Руслан Дүлдүл колледж базасында ашылған «ІТ Құзырет орталығында» студенттер білімін жетілдіре отырып, түрлі оқытулар мен тренингтер өткізетіндігін, оны бітіргендердің озық мамандар қатарында екенін атап өтті.
26 қаңтар 2019 ж. 1 032 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам