Байзақова Қазақстанды жақсы көрудің 6 себебін атады

“Еуропада барлығы өте қымбат. Маған шотты әкелгенде: “Не үшін төлеймін?” деп айқай салып, қашып кеткім келеді. Бір отырғаныңа 20-50 еуро төлеп кетуге дайын бол. Ал менің ойымша, қуырдақ, вареники мен солянкадан дәмді ештеңе жоқ”, – дейді Айжан.
Байзақованың пайымынша, Қазақстанды жақсы көрудің екінші себебі – жедел жәрдем қызметінде.
“Біз сәл жөтеліп қалсақ болды, жедел жәрдем 40 минуттан кейін келді деп шағымданамыз. Ал Еуропада жедел жәрдем мұндай себеппен келмейді де. Ол үшін қосымша бір қолыңды сындырып алуың керек.
Үшіншіден, мұнда үлкендер мен әйелдерге ешкім орын бермейді. Сөмкені көтерісуге көмектеспейді. Ол жағынан бізді әбден еркелеткен”, – дейді Байзақова.
Атышулы блогердің айтуынша, Қазақстанның тағы бір артықшылығы – сұлу қыздарында.
“Менің тырнағымды көріп тұрсыздар ма? Алматыда болсам, 10 минут ішінде салон тауып, өзімді ретке келтірер едім. Ал мұнда осылай жүруіме тура келеді. Салондар өте қымбат және оларды табудың өзі ақырет”, – дейді Айжан.
Блогерге ұнамаған тағы бір нәрсе, Еуропада жиі болып тұратын көтерілістер. Айтуынша, соның кесірінен әуежайлар жиі жұмыс істемей қалады, қоғамдық көліктер тоқтап қалады.
“Бізде ондай проблема жоқ, бас көтергендерді бетін бірден қайтарады. Ал алтыншы себеп, мұнда қаңғыбастар көп, әсіресе жастар арасынан. Бізде ондайды сирек кездестіресің (қаңғыбастар, кедейлер, нашақорлар, шегіп алғандар, қашқындар)” – деп түсіндірді Байзақова.