Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ер адамдарға қандай әйелдің ұнайтыны анықталды

Ер адамдарға қандай әйелдің ұнайтыны анықталды

  Отыз алты жастағы Хейли Лианна танысу сайты арқылы зерттеу жүргізіп, ер адамдарға көбінесе қандай әйелдің ұнайтынын анықтады.
Британиялық Хейли Лианна зерттеу жүргізіп, ер адамдарға қандай әйелдің көбірек ұнайтынын анықтады. Бұл туралы Daily Mail жазды. 
36 жастағы питерборолық Хейли Лианна (Hayley Leeanna) танысу сайтына кезегімен өзінің суретін жүктеп отырады. Осы суреттің әрқайсысына ол әртүрлі түседі. Біреуінде жасанды шаш кисе, енді екіншісінде мүлдем жаңа стильде киінеді.Осылайша алты ай ішінде әйел өзін жеті түрлі образда таныстырады: ойын-сауықты жақсы көретін бойжеткен, спортшы немесе бизнес леди. Мұнымен қатар, соңында күнделікті өмірде түскен қарапайым суретін жүктейді.
Нәтижесінде көптеген ер адамның қара шашты қызды ұнатқаны белгілі болады. Бірақ олар бірден оғаш ойлары туралы айта бастаған. Ал жасы үлкен бай азаматтар көбінесе көңіл көтергенді ұнататын сары шашты әйелді таңдаған.
Спортшы қызды 25 ер адам ұнатып, оны жаттығу залына кездесуге шақырған.
Британиялық бойжеткеннің айтуынша, ол отбасын құру туралы ойы бар салмақты азаматтармен өзінің күнделікті өмірде түскен қарапайым суретін жүктеген кезде танысқан.Ал бизнес леди образында болған кезде оны сегіз жігіт ұнатып қалады. Ер азаматтар оның ақыл-парасатын жоғары бағалайтынын айтады. Алайда Лианна бұл жігіттермен әңгіменің мүлдем қызықсыз болғанын жеткізді.
Ал әйел макияжсыз түскен суретін жүктегенде өзіне ешбір жігіттің қызығушылық танытпағанын еске алды.
sputniknews.kz

31 қаңтар 2019 ж. 1 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам