Қауіпті көктайғақ: Қызылордада ауа райы салдарынан 120 адам зардап шекті

Күшейтілген жұмысты медицина қызметкерлері де атқаруда. Себебі, Қызылорда қалалық ауруханасының травмотология бөліміне түскен адамдар саны бірден артып кеткен.
"Ауа райының қолайсыздығынан жәбірленуші науқастардың саны артты. Бір тәулікте травмотологиялық орталыққа 121 адам түсті. Барлығына медициналық көмек көрсетілді.Жеті адам ауруханаға жатқызылды. Олар дәрігерлер бақылауында болады", - деді Қызылорда қалалық ауруханасының баспасөз хатшысы Жанат Жәлиева.
Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты кеше түстен кейін сабақ тоқтатылған. Ал бүгін бастауыш сынып оқушылары мектепке барған жоқ.