Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әлімбекованы сотқа берген әйел оны түрмеге отырғызамын деп ойламаған

Әлімбекованы сотқа берген әйел оны түрмеге отырғызамын деп ойламаған

    Гауһар Әлімбекова сотталды деген жаңалық көпшіліктің жанына батты. Сазгердің үкімі қаншалықты әділ деген сұрақ, оны енді темір тордан шығарып алу мүмкін бе деген сұрақ туындады.
Ал Гауһар Әлімбекованы сотқа берген Бақыт Назарова 20 жылдан бері базарда сауда жасайды, деп хабарлайды 31 арна.
Қарапайым азаматша кезінде Гауһарға 40 мың доллар тауып беру үшін бірнеше рет несие алып, қарызға белшесінен батқан. Оның сотқа бергендегі мақсаты – әншіні түрмеге отырғызу емес, ақшасын қайтару екен. Өзінің есептеуі бойынша, Әлімбекова оған 51 мың доллар, 10 миллион 500 мың теңге қарыз.
“Осындай ортамызда жағдай болды екен деп мен оны табаламаймын. Оған деген өкпем де, кегім де жоқ. Ал оны мен кешірем, кешірмеймін дейтіндей мен кіммін Алла тұрғанда? Алла бәрімізді кешірім, тәубәмізді қабыл алатын. Сіздерге айтарым, Гауһарды түсінуге тырысыңыздар, сөкпеуге тырысыңыздар”, – дейді жәбірленуші.
Халық сот Гауһарға тым ауыр жаза берді деп әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр. Алайда заңгер Орынбасар Тілепбергенов әнші тіпті, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді деп отыр. Сот оның бұрын сотталмағаны мен қоғамдағы беделін ескерген. Заңгердің айтуына қарағанда, Гауһар мен оны сотқа берген әйел бітімге келгенде іс осылай аяқталмас еді.
“Аппеляцияға берген күннің өзінде Әлімбекованың құқықтық жағдайы өзгермейді. Өйткені соттан біз өрескел қателік көріп тұрған жоқпыз. Ал жәбірленуші “келісімге келдім” деп қайта талап арыз беретін болса, онда жағдай өзгеріп, Әлімбекованың босап шығуға мүмкіндігі бар”, – дейді заңгер.
Еске сала кетейік, күні кеше Гаухар Әлімбекованың алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.  Отандық жұлдыздар сотталған Әлімбековаға қолдау білдірді.
Ал күні кеше Әлімбекованың елбасыдан араша сұрап, хат жазғаны анықталды.


01 ақпан 2019 ж. 1 775 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам