Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тұрсынбаева мен Манько АҚШ-тағы «Төрт құрлық чемпионатына» қатысады

Тұрсынбаева мен Манько АҚШ-тағы «Төрт құрлық чемпионатына» қатысады

  Бүгін АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионаты» турнирі басталады. Америка, Азия, Африка, Австралия мен Океания аймағының спортшылары арасындағы ірі бәсекеден қазақстандықтар да сырт қалмайды, деп жазады Olympic.kz.
05-10 ақпан аралығында өтетін чемпионатқа Қазақстан атынан Элизабет Тұрсынбаева мен Никита Манько қатысады.
Элизабет Тұрсынбаева турнирге дайындық кезеңін Мәскеуде, бапкері Этери Тутберидзенің қол астында өткізді. Анахайм айдынында біздің спортшы кіл мықтылармен бірге сынға түспек. Атап айтар болсақ, Гран-при турнирлерінің жеңімпазы, жапондық Рика Кихира, Маи Миахара, Каори Сакомото, сондай-ақ Канаданың екі дүркін чемпионы Ален Шартрандар чемпионатта бақ сынайды.
«Төрт құрлық чемпионаты» аяқталған соң, Тұрсынбаева Ресейде өтетін Универсиада ойындары мен Жапониядағы әлем чемпионатына қатысады.
 Ал ерлер арасында Никита Манько аталған турнирге алғаш рет қатысқалы отыр. Әйелдер бәсекесі - 7 ақпанға, ерлер додасы 9 ақпанға жоспарланған.
Еске сала кетсек, былтырғы маусымда «Төрт құрлық чемпионатында» әйелдер арасында жапониялық Каори Сакомота, ерлер арасында қытайлық Цзинь Боян жеңімпаз атанған болатын.
"Қазақпарат" агенттігі
05 ақпан 2019 ж. 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам