Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жолда дөңгелегі жарылып қалған ерлі-зайыпты күтпеген олжаға кенелді

Жолда дөңгелегі жарылып қалған ерлі-зайыпты күтпеген олжаға кенелді

   АҚШ-тың Нью-Йорк штатында тұратын ерлі-зайыпты жолда дөңгелегі жарылып қалғандықтан, лотерея билетін сатып алып, қомақты қаражат ұтты, деп хабарлайды UPI.
Ричард және Рэнди Лофер қазан айының соңында Вашингтон қаласынан үйіне қайтып келе жатады. Мэриленд штатындағы Абердин қаласында дөңгелегі жарылып қалыпты. Сол себепті көлік жөндеу орталығына келген олар дөңгелекті ауыстырып жатқанда, лотерея билетін сатып алады. Ричард билетті әмиянына салып, бірнеше ай бойы ол туралы ұмытып кеткен екен.
Қаңтар айының басында Лофер билетті тауып алады да, тексермек болады. "Лотерея сайтын ашып қарасам, алты нөмірдің үшеуі сәйкес келіп тұр, кейін төртеуінің ұқсас екенін аңғардым. Артынша алты нөмірде толық сәйкес келетініне көзім жетті", — дейді ол тілшілерге берген сұхбатында.
Сөйтіп, ерлі-зайыпты 50 мың доллар қаражат ұтып алған. Олар ұтыстың жартысын демалысқа жұмсап, тағы біразын қайырымдылық қорына аударғысы келеді.
06 ақпан 2019 ж. 925 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 593 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам