Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Альбина Шардарова енді Қуандық Рахыммен дуэт айтпайтынын мәлімдеді

Альбина Шардарова енді Қуандық Рахыммен дуэт айтпайтынын мәлімдеді

   Қуандықпен бірге дуэт айтып, халықтың жүрегінен орын тапқан Альбина Шардарова бүгінде жеке шығармашылығын дамыту үстінде. Алайда ол енді Қуандықпен бірігіп сахнаға шықпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz Hit-Tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Қуандық өз жолымен, мен өз жолыммен кеттім. Шығармашылығымызды байланыстырамыз деп ойламаймын”, – дейді Альбина.
Әйткенмен Шардарованың шоу-бизнестегі өзге азаматтармен дуэт құрып жүргені белгілі. Альбина Жігер Ауыпбаев, Ердос Қанаев сынды өнер иелерімен бірігіп сахнаға шықты. Айтуынша, мұндай ұсыныстар оған көптеп түседі.
“Қазір дуэттерге көп ұсыныстар түседі. Олардың арасынан таңдап, ойланып айтып жатырмыз”, – дейді Альбина.
Шардарова өзінен кейінгі қыздарға өнерінен бұрын жүріс-тұрысымен үлгі болғысы келетінін айтты.
“Көбінесе қыз балалар пікірлер жазып жатады. Сізге ұқсағым келеді дейді. Сондай сөздер мені қанаттандырады. Мен өзімді барынша жақсы көрсетуге, жабық киінуге, қысқа, ашық мүлде кимеймін. Осы қалпымды сақтап қаламын”, – дейді Альбина.
07 ақпан 2019 ж. 1 856 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам