Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылша ауруынан сақтаныңыздар

Қызылша ауруынан сақтаныңыздар

   Бүгінге дейін Қызылорда облысында қызылша ауруына күдікті 31 жағдай тіркелген. Оның 11-і нақтыланды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұлбосын Аханаева мәлімдеді.
Сонымен қатар, баспасөз конференциясына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқақов, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова қатысты.
Ауруға шалдыққандардың 42 пайызы немесе 13 жағдайы 1 жасқа дейінгі балалар, 35,4 пайызы немесе 11 жағдай – 1 жасқа толған балалар арасында, 9,6 пайыздан немесе 2 жағдай 2 жастағы бала, 3,2 пайыздан немесе 1 жағдайдан 6, 10, 25, 33 жастағы азамат арасында тіркелді.
Айта кету керек, қызылша ауруына шалдыққан науқастардың 84 пайызы осы ауруға қарсы егілмегендер. Сондай-ақ, Қызылорда облысында анықталған қызылша ауруының алғашқы 4 жағдайында науқастар өз ауруын Астана, Алматы және Атырау қалаларында науқаспен қарым-қатынаста болуымен байланыстырса, қалған жағдайлар ауа арқылы қарым қатынас арқылы таралған.
"Аурудың алдын алуы жұмыстары ол иммундау. Адам өмірінде 2 рет екпе ала алады. 1 және 6 жаста. Екпе алған адам ауырмауы тиіс. Осы уақытқа дейін біздің аймақта 87 адам егу жұмыстарынан бас тартқан. Солармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде", - деді Ұ.Аханаева.
08 ақпан 2019 ж. 1 360 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам