Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада түн ішінде жоғалып кеткен оқушы табылды

Қызылордада түн ішінде жоғалып кеткен оқушы табылды

    Қызылордада түн ішінде жоғалып кеткен 7-сынып оқушысы үйіне аман-есен қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш оқиға 19 ақпан күні сағат түнгі 3.40-тар шамасында болған. Анасымен сөзге келіп қалған ол ашуға беріліп, үйінен шығып кеткен. Бұл жөнінде Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына хабарлама келіп түседі. Полиция қызметкерлері дереу іске кірісті. Жасөсіпірімді іздеу жұмыстарына ювеналды полиция, патрульді полиция нарядтары жұмылдырылды. Көпқабатты үйлердің өжіресі мен шатыры, ауласы, құрылыс жүріп жатқан нысандар, мекемелердің аулалары араланды. Тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Жоғалған қыз Қызылорда қаласының орталық аумағында орын тепкен ескі базар аумағынан табылды. «Жыл басынан бері облыс бойынша кәмелетке толмағандар арасында осындай 7 оқиға дерегі тіркелді. Олардың барлығы ата-анасына аман-есен табыс етілді. Осыған орай, ата-аналардан балаларға деген бақылауды және жауапкершілікті күшейтуін сұрайды. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге селқос қарамау қажеттігін қатаң ескертеді», - деп жазылған Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордада жасөспірімдер арасында қылмыс өршіп тұрғанын хабарлаған едік.

21 ақпан 2019 ж. 1 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам