Оқушылар департаменттің жұмысымен танысты
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Ашық есік күні» шарасын өткізді.
«Ашық есік күні» шарасына жас мамандар, ұстаздар, жоғары оқу орындары мен колледж түлектері және мектеп оқушылары, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының, «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының мүшелері келді.
Шараға қатысушыларға Департаменттің негізгі қызметі және мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары туралы ақпараттар берілді.
Келушілерді мансаптық өсу мәселелері, мемлекеттік органдарда сұранысқа ие мамандықтар тізімі қызықтырды. Жастардың көпшілігі болашақта бос лауазымдарға орналасу мақсатында конкурстарға қатысуға ниет білдірді.
Сонымен қатар, қызмет алушылардың шағымдарына жедел әрекет ету мақсатында қолданысқа енгізілген "Digital Agent" мобильдік қосымшасының артықшылықтары жөнінде сөз қозғалды.
Шара барысында Департаменттің, облыс әкімдігінің бірқатар басқармалары мен "Ақмешіт - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жұмыс кабинеттері таныстырылды.
Өз кезегінде, Департамент қызметкерлері қажетті ақпараттарды беруге дайын екенін атап өтіп, оларға өз қызметтерінің кәсіпқойы болуларына тілектес екенін білдірді.