Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Қайсар» үздіктер қатарынан көрінуді мақсат етті

«Қайсар» үздіктер қатарынан көрінуді мақсат етті

   Көгілдір көктем мезігілінде елімізде доп додасы жалауын көтереді. Жанкүйерлер жасыл алаң төрінде жасындай жарқылдаған жампоздар шеберлігін тамашалайды. Биылғы футбол тойы 9 наурыз күні бастау алады. Ал Сыр өңірінің намысын қорғайтын «Қайсар» алғашқы кездесуін өз алаңында «Атырауға» қарсы өткізеді.
Биыл Қызылорданың «Қайсары» жүлделі орыннан көрінуді басты мақсат етіп отыр. Бұл команданы жергілікті жанкүйерлер алдында таныстыру шарасында мәлім болды.
Былтыр жарты ғасырлық мерейтойын атап өткен «Қайсар» соңғы жылдарда жақсы ойын өрнегімен жергілікті жанкүйерлерді қуантып келеді. Соңғы екі жылда команда алғашқы алтылықтан төмен түсіп көрген емес. 2017 жылы алғашқы алтылықтан көрінсе, былтыр үздік бестікте табан тіреді. Енді биыл одан да жоғары орынға қол созуды алдына мақсат етіп отыр.
Айта кетерлігі, кейінгі кезеңде команданың материалдық-техникалық базасы жақсарды. «Қайсардың» спорттық базасы жаңғыртылды. Одан кейін қосалқы алаң ел игілігіне айналды. Былтыр Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионды қайта жаңғырту шаралары басталып кетті . Стадион биыл сәуір айында көпшілік көзайымына айналады. Аталмыш спорттық нысан халықаралық стандарт талаптарына сәйкес жөнделуде. Жанкүйерлерге арналған қос трибуна шатырмен қамтамасыз етіледі. Алаңға жасанды төсеніш жабылады. Өзге де талаптар бойынша жұмыстар жүргізіледі.
«Команда алдына қойған мақсатты орындап келеді. Енді оларға жоғары мақсат қойып отырмыз. Биыл «Қайсар» үздік үштіктен көрінеді деген үміттеміз. Соған қолдау білдіреміз. Биыл команда құрамына жергілікті футболшылар көптеп тартылды. Айта кетерлігі, Сыр өңірінен әрбір лигада бір-бірден футбол командалары ойын көрсетіп жүр. Осының нәтижесінде жергілікті жастардың мол тәжірибе жинауына негіз қаланып отыр», - деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.
Сыр өңірінде футболды дамыту бағытындаы іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табады. Биыл 3 мың жанкүйер сиятын жабық манеж құрылысы қолға алынады. Қызылорда қаласындағы көне спорттық нысанның бірі саналатын «Локомотив» стадионы да қайта жаңғырады. Аталмыш игілікті істердің жүзеге асуына облыс басшылығы ерекше қолдау көрсетіп келеді.
Жанкүйерлермен жүздесу барысында команданың жаңа формасы көпшілікке таныстырылды. Қызылордалық футболшылар биылғы доп додасында ақ және қызыл түсті жейдемен ойын көрсететін болады.
Әділет ТАЛАПТАН.  
07 наурыз 2019 ж. 1 002 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 432 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам