Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жүкті әйел YouTube-тегі видеоға қарап босанамын деп көз жұмды

Жүкті әйел YouTube-тегі видеоға қарап босанамын деп көз жұмды

   Үндістанда 26 жастағы әйел YouTube-тегі кеңестер бойынша үйінде босанамын деп көз жұмды. Оның сәбиі де шетінеп кеткен.
Бұл туралы Hindustan Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 
Оқиға Биландпур қаласында орын алған. Үй иесінің көршілері оған жүкті әйел өмір сүріп жатқан бөлмеден қан ағып жатқанын айтыпты. Артынша ол полиция шақырған.
Үй иесі есікті сындырып кіріп, әйел мен жаңа туған сәбиді өлі күйінде тапты. Олардың мүрдесінің жанында қайшы, өткір пышақ және жіп жатқан. Әйелдің смартфоны тексерілгеннен кейін, оның YouTube-тен көрген соңғы видеосы өздігінен босану туралы болғаны анықталды. Осыған байланысты полиция роликтің көмегіне сүйеніп босанбақ болды деп топшылап отыр. 
Полицияның болжамынша, әйел тұрмысқа шықпай жүкті болып қалғандықтан ауруханаға бармаған. Марқұмның ата-анасы оның тұрмысқа шықпағанын растады. 
Белгілі болғандай, жүкті әйел босануына 4 күн қалғанда пәтер жалдаған. Ол бөлменің иесіне өзін ауруханаға жеткізуге анасы көмектесетінін айтқан.
13 наурыз 2019 ж. 1 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам