Автокөлік жүргізушілеріне жағымды жаңалық
Қазақстандық арнайы ХҚО-ларда көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері техникалық ақаудан кейін қалпына келтірілді, деп хабарлайды ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
«Барлық арнайы ХҚО-лар мен әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімдерінде көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызметтер штаттық режимде көрсетілуде», - делінеді хабарламада.
Комитеттегілер келтірілген қолайсыздықтар үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.
Еске сала кетсек, 13 наурызда Қазақстанда көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері тоқтатылған еді.