Судьяға алғыс
ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асановтың атына Әйтеке би кентінің тұрыны Зағипа Матировадан Қазалы аудандық сотының судьясы Мұрат Оспановқа алғыс хат келіп түсті.
Хат иесі судья М.Оспановтың жұмысын бағалап, оның алдағы қиын да сындарлы қызметінде сәттілік тілеп, үлкен алғысын білдірген.
Алғыс хатта «Қазалы аудандық сотының судьясы Оспанов Мұрат Бектайұлына талапкер тұрғын үйден еріксіз шығару туралы азаматтық ісі бойынша объективті, принципиалды және судьяның тәуелсіз ұстанымы үшін шынайы ризашылығымды білдіріп алғыс айтамын. Осындай кәсіби біліктілігі жоғары судьялардың арқасында азаматтардың сот төрелігіне деген сенімі арта түсетініне сенімдімін және алдағы уақытта да халқымыз үшін жасап жүрген адал қызметтіңізге үлкен жетістіктер тілеймін», – деп жазылған.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.