Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мамыр айынан бастап мұқтаж жандарға пәтер бөлінеді

Мамыр айынан бастап мұқтаж жандарға пәтер бөлінеді

Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин бірінші мамырдан бастап тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға пәтер үлестіріле бастайтынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Премьер-министр орынбасары Жеңіс Қасымбектің хабарлауынша, биыл 118 мың отбасы баспаналы болмақ.
әтерлер бюджет есебінен тұрғызылады. 118 мың отбасын баспанамен қамту мүмкіндігіміз бар. Елбасы екі нәрсе тапсырды - көпбалалы отбасыларын және жастарды қолдау.
Қажетті қаражаттың барлығы бюджетте қарастырылған. Бір айдың ішінде пәтерлерді бере бастаймыз. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауда ұстаулары тиіс", - деді Жеңіс Қасымбек.
Асқар Мамин өз кезегінде "Нұрлы жер" және "7-20-25" бағдарламалары халықтың тұрғын үй мәселесін шешудегі Елбасының негізгі әлеуметтік саясаты екенін хабарлады.
ұны сәтті жүзеге асырау үшін келесі мәселелерге баса назар аудару керек.
Біріншіден, тұрғын үй құрылысын ары қарай дамыту қажет. Биыл 13 миллион шаршы метр баспананы тапсыруымыз керек. Әкімдер жер телімдерін бөлу мәселесін жылдам шешіп, инфрақұрылымды өткізу мәселесін қадағалаулары тиіс.
Елбасының тапсырмасы бойынша, тұрғын үй құрылысында сәулеттік біркелкілікті ұстану керек. Бұл тапсырма тек Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орындалуда. Басқа аймақтарда енді басталды.
Екіншіден, президент тапсырмасы бойынша, "Нұрлы жер" бағдарламасына өзгерістер енгізу керек. Бес жыл көлемінде алты мыңға жуық көпбалалы отбасы пәтер алады. Бірінші мамырдан бастап пәтерлерді бөле бастаймыз", - деп сөзін қортындылады премьер-министр.
19 наурыз 2019 ж. 1 335 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам