Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде ресми парақшасын ашты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram əлеуметтік желіcінде ресми парақшасын ашты. Бұл туралы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиұлы Құрманғали мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Құрметті Отандастар!
Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым.
Уважаемые соотечественники!
Недавно я призвал акимов регионов оперативно реагировать на запросы граждан и активно работать в социальных сетях для налаживания обратной связи с населением. Как вы знаете, уже несколько лет активно использую сеть Twitter и делюсь своим мнением о важных для нашей страны событиях. Решил продолжить эту практику в популярной сети Instagram.
"Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым.Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым", - деп жазды мемлекет басшысы Instagram парақшасындағы жазбасында.
Президенттің ресми парақшасы - @tokayev_online.