Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жұлдызнама-2019: Сәуір айы Сіз үшін қандай болмақ?

Жұлдызнама-2019: Сәуір айы Сіз үшін қандай болмақ?

  Сәуір – көңіл көтеру мен сейіл құру айы дейді астрологтар. Сондықтан, достармен, туыстармен көңілді демалыстар ұйымдастырып, жақындарыңызбен көбірек уақытты бірге өткізуге кеңес береді. Алайда, белгі иелерінің бәріне бірдей емес.

Тоқты
Бұл айда сізге демалыс пен жұмысты қатар алып жүруге тура келеді. Алдын-ала жоспар, кесте құрып, соны ұстансаңыз, бәріне үлгересіз. Бейқамдық танытып, біріне көңіл мен уақытты азырақ бөліп қойсаңыз, жағымсыз салдарлары болмай тұрмайды. Туысты назардан тыс қалдырып, жұмысқа ден қойсаңыз, жақыныңыз ренжиді. Керісінше жасасаңыз, қызмет орныңызда қиындықтар туады. Сондықтан, екеуіне бірдей үлгеріп, қатар алып жүруге тиіссіз.

Торпақ
Бұл айда бойыңызға желік кіріп, көңіліңіз желдей есіп жүресіз. Көктемнің әсері де болар. Бірақ, мұндай күйіңіздің жұмысқа кеселін тигізуіне жол бермеуге тиіссіз. Олай етпеген жағдайда маңызды да табысты жобаларды уыстан шығарып аласыз. Желкілдеп жүріп, жеке өміріңізде де қиындықтар турыдып алуыңыз мүмкін. Сондықтан, ойыңыз бен іс-әрекеттеріңізді, қыдыруды аздап тежеп, өзіңізді салмақты ұстауға тырысқаныңыз абзал. Достарға қарағанда, жақын туыстармен, отбасымен көбірек бірге болыңыз.

Егіздер
Сіз кішігірім демалысқа лайықты еңбек сіңірдіңіз. Сондықтан, сәуірде өзіңізге көбірек уақыт бөліңіз. Тынығыңыз, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз, сүйікті іспен айналысыңыз, жаңа нәрселерді үйреніп, өзіңізді дамытыңыз. Көптен шешілмей жүрген мәселе мен аяқсыз қалған істерді шешуге де оңтайлы шақ. Сондай-ақ, сәуір – Сіз үшін тәжірибелер айы, сондықтан, ойыңызға келген жаңашыл идеяларды жүзеге асыруға батыл кірісе беруге болады.

Шаян
Өзіңізді қатаң қағидалар мен ұстанымдар құрсауынан аздап босатып, жан мен көңіл қалауымен өмір сүруге мүмкіндік беріңіз. Қалтаңыз қаржыға толып тұрмаса да, қолда бармен қалағаныңызды алып, өзіңізге сыйлық жасаңыз. Жаныңызға не нәрсе тыныштық пен ләззат сыйлайды, сонымен айналысыңыз. Бір сөзбен айтқанда, сәуірде өзіңізді-өзіңіз еркелетіңіз, мәселелер мен міндеттерден барынша босатып, еркіндікті сезініңіз.

Арыстан
Сәуірде Сізді әр қалтарыстан сәттілік тосып тұрады. Ойға алғаныңыздың бәрі оп-оңай жүзеге аса кетеді. Ал, қиындық, мәселе дегендер маңыңызға жолай алмай, айналып өтеді. Бұл айда көптеген қызықты да маңызды, қажетті таныстықтар күтіп тұр. Алайда, жұлдызшылар жаңа таныстармен достық қатынас орнатуда сақ болуға шақырады. Әрбірінің ішіне терең үңіліп, жақсы танып барып жолдас болыңыз.

Бикеш
Бұл айда көптеген ерекше есте қаларлық оқиғалар орын алады. Жұмыс кестесінде тізілген тығыз да маңызды шаруалар көп нәрсеге мойын бұрғыза бермейді. Айталық, өзгелер сияқты сауық-сайран құруға, достармен бас қосып, алаңсыз отыруға немесе бірнеше күн қатарынан демалуға көп уақытыңыз болмайды. Дегенмен, мұның жақсы жағы да бар – басқалар сәуірде жиған-тергенін жұмсап тауысса, сіздің қалтаңыз бұрынғыдан да қалыңдай түседі.

Сарышаян
Сізді бұл айда қомақты табыс күтіп тұр. Ол жеке өміріңізге жақсы ықпалын тигізбей қоймайды. Ақшаның арқасында айналаңыздағы адамдардың шын ниеттерін байқайсыз. Жаныңызда пайда үшін жүрген кім, қалтаңыз бен қолыңыздағыны емес, өзіңізді керек қылатын кімдер – бәрі белгілі болады. Ай соңына дейін жылжымайтын мүліктеріңізге бір назар салып қойыңыз. Сәуірде үйге жөндеу жұмыстарын жүргізсеңіз, сәтті шығады.

Мерген
Мергендерге бұл айда аздап қарқынын бәсеңдетіп, өзін қажетсіз де пайдасыз шаруалармен шырмағанды доғару керек. «Ақша ешқашан артықтық етпейді» деген ұстанымды «ақша ешқашан жетпейді» дегенге ауыстыратын уақыт келді. Денсаулық бәрінен де маңызды екенін, бір жоғалтсаң, қайта қалпына келтіру қиындығын мойындау керек. Дәл қазір Сізге қажеті – тынығу, таза ауа мен жақындарыңыздың махаббаты.

Тауешкі
Сәуірде Тауешкілердің бар ойы мен ынтасы алға қойған мақсатқа жету жолына ауады. Бұл жолда бәрін құрбан етуге дайын. Тіпті, отбасын екінші не үшінші орындарға ырысып қоюға да. Бірақ, біліңіз, жақындарыңыз сіздің бұл ықыласыңызды құптамауы мүмкін. Олар дәл қазір сіздің жандарында болғаныңызды қалайды. Сіз мақсатыңызға жетіп, отбасыңызға қарай бет бұрған кезде кеш болуы мүмкін. Сондықтан, қазірден бастап жанұяңызға да тиісті жылу мен махаббатыңызды бөліп, назар аудара жүріңіз.

Суқұйғыш
Әдетте қиын жағдайларда жүгіне салуға үйренген «жауапсыздық» атты жаман қасиетіңізді сәуір көтермейді. Бұл айда әр сөзіңізді ойланып сөйлеп, әр қадамды аттамас бұрын «жеті рет өлшеген» артық болмайды. Бұл ретте бірінші кезекте жақын жанашырлардың кеңесіне құлақ асыңыз, олар сізге жаман жол нұсқамайды. Шындық қаншалықты ащы болса да, оны мойындап, қабылдаған өзіңізге пайдалы. Соның арқасында көптеген мәселелердің басын ашып аласыз.

Балықтар
Өзіңізді шаршаңқы сезінсеңіз, дереу бәрін доғарып қойып, демалыс жариялаңыз. Аз-кем болса да үзіліс жасап, көңіл көтеруге, бой сергітуге уақыт бөліңіз. Біліміңізді жетілдіруге, өзіңізді дамытуға күш салыңыз. Жеке өмір мен қызметте бәрінің жақсы болуына жанды қинап жасалған жұмыс емес, осылар оң әсерін береді. Айдың соңында жеке өміріңізде жағымды да маңызды жаңалық орын алады, күтіңіз.
02 сәуір 2019 ж. 1 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам