Қазақстанда жаңа мейрам пайда болды
Осыған байланысты "Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" заңға өзгерту енгізілген. Қазақстанда жаңа мереке пайда болды. Бұл туралы Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесі хабарлайды.
2001 жылдың 13 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңының 4-бабына сәйкес үкіметтің қаулысымен жаңа мейрамның күні белгіленген.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізілсін. Мерекелік күндердің тізбесі 42-1-тармақпен толықтырылсын: "42-1. Энергия үнемдеу күні – 11 қараша", - делінген хабарламада.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
sputniknews.kz