Малы бар отбасы да балаларына 21 мың теңге алады, бірде-бір сиыры жоқ көршісі де дәл сондай алады. Осы әділетті ме? - Светлана Жақыпова

Светлана Жақыпова отбасының жиынтық табысын есептеген кезде жеке шаруашылықты есепке алу мәселесіне қатысты түсініктеме берді.
"Шаруашылыққа қатысты сауалдар жиі қойылады. Негізі атаулы әлеуметтік көмек туралы заңның 7-бабында жергілікті атқарушы органдар жеке шаруашылықты кіріс деп санау-санамауды өздері шешетіні көрсетілген. Олардың сондай құқығы бар", - деді Светлана Жақыпова мәжіліс кулуарында.
Ол қазіргі таңда республикада тек бір ғана облыс қорадағы төрт түлікті есепке алмайтынын атап өтті. Алайда оның қандай өңір екенін нақтыламады.
"Алдағы уақытта бұл мәселелердің барлығы қайтадан қаралып, негізгі шешімдер қабылданады. Жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп сендірді Светлана Жақыпова.