Тоқаев әр балаға 21 мың теңгеден берілетін заңға қол қойды
Әр балаға 21 мың теңгеден: Мемлекет басшысы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны көтеру туралы заңға қол қойды деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнаманы жаңадан қабылданған "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды" , - деп жазылған президенттің ресми сайтында.
Айта кетейік, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшерін көтеруді Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Нұр Отан партиясының съезінде тапсырған болатын.
kaz.nur.kz