Саяси сахнамыздағы ең елеулі оқиға болмақ - сарапшы
Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып кезектен тыс президент сайлауы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Наурыз мерекесі қарсаңында еліміз үшін айтулы жаңалыққа, Елбасының өз еркімен президенттік өкілеттен бас тартқанына куә болдық. Енді саяси сахнамызда тағы бір елеулі оқиға орын алмақ. Ел Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді. Профессор Қалқаман Жақыптың пікірінше, бұл - уақытылы қабылданған ұтымды шешім. «ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуінің толық мәтінін оқып шықтым. Расында да, еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры халықтың шешіміне байланысты. Бүгінгі Қазақстан әлемдік саяси аренада өзінің лайықты орнын алды. Бізді беделді мемлекет ретінде күллі әлем мойындайды. Бізбен санасады», - дейді Қалқаман Жақып. Профессор алдағы сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтетініне сенімді екенін айтты. «Біріншіден, бұл жолғы мерзімінен бұрынғы сайлау толығымен заң аясында, әділ өтеді. Екіншіден, Президент сайлауының елдегі әлеуметтік, саяси, рухани салаларды тиімді дамытуға әсер ететіні рас. Тез өзгеріп, мың құбылып тұрған заманда ішкі және сыртқы саясатты ұстап тұру үшін елді жетелейтін басшы қажет. Одан соң әлемдегі озық 30 елдің қатарына ену міндетіне қарай жылжи береміз деген ойдамын. Президенттің «кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау - өте маңызды әрі қажетті қадам» деуі орынды. Өйткені, Елбасы мемлекет басына жаңа буын келіп, жаңашыл идея мен тың реформаның көрініс табуынан зор үміт күтіп отыр. Ал 9 маусымнан кейін билік басына келетін тұлға өзіне артылған үлкен жауапкершілікті арқалап, бұған дейінгі жүзеге асырылған саясатымызды ел-жұртпен бірге жарқын болашаққа бастайтынына сенімім зор», - деп атап өтті ол. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдады. ҚазАқпарат Президент үндеуінің толық мәтінін жариялаған болатын.