Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тоқтар Серіков Ерке Есмаханды жылатты (Видео)

Тоқтар Серіков Ерке Есмаханды жылатты (Видео)

Белгілі әнші Тоқтар Серіков «Хабар» телеарнасындағы «Ережесіз әңгіме» бағдарламасына қонаққа келіп, жан тебірентерлік әңгімесімен жүргізуші Ерке Есмаханды жылатты. Анасын қадірлейтін азаматтың әсерлі сөздері көрерменді де бей-жай қалдырмады. Сұхбаттан үзіндіні Ерке Есмахан өзінің Instagram-парақшасында жүктеген.
«Жасыратыны жоқ, мен шешемнің аяғынан сүйемін. Өзімнің балаш-шағам бола тұра, қолымды салып  жіберіп, омырауын ұстаймын, омырауын сүйем. Неге? Мен мен шешемнің арамызда күндер қалды ма, жылдар қалды ма, білмеймін.Менде әлден қимастық бар.Менің анашым деп жазып қойған телефоным бар. Бір күні оны ешкім көтермей қояды, оның да уақыты келеді.Соның алдын алғым келеді.Құшақтаймын, жылаймын, сүйемін»,-деп жан сырымен бөлісті өнер иесі.
Сондай-ақ,Тоқтар Серіков бұл сөздерін тек анасына ғана емес, туған-туыс, бауырларға да қатысты айтып отырғанын жеткізді.
«Бұл айтып жеткізу мүмкін емес дүниелер. Барында бағалау керек. Бұл тек шеше ғана емес, туған-туыс, бауырларға да қатысты»,-деп ойын түйіндеген Тоқтардың өзінің де көзіне жас үйірілді.
Айта кетейік, «Хабар» телеарнасында жақында көрерменге жол тартқан «Ережесіз әңгіме» бағдарламасына Қазақстанның танымал әрі табысты ерлері қатысады. Жоба қонақтарының қатарында саясаткерлер мен бизнесмендер, өнер саласының майталмандары, тіпті блогерлер мен спортшылар, әртістер, режиссерлер мен актерлер, продюсерлер, т.б. бар.
17 сәуір 2019 ж. 1 928 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 088 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам