БАҚ: Назарбаев ЕЭО-ның құрметті төрағасы атанады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы атануы мүмкін.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Коммерсантъ" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы атағын алуы мүмкін. Одақты құру идеясы Назарбаевқа тиесілі болғандықтан, елбасыға осы атақты беру ұйғарылған.
Басылымда аталғандай, бүнігі таңда мұндай лауазым жоқ. Сәйкесінше, Тұңғыш президентке қандай өкілеттік берілетіні әзірге белгісіз.
Еске сала кетсек, наурыз айының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елбасының 29 мамырда елордада өтетін ЕЭО саммитіне қатысатынын мәлімдеген еді. Сонымен қатар саммитке одаққа мүше елдердің басшылары қатысады. ЕЭО-ның құрылғанына 5 жыл болатындықтан, бұл мерейтойлық кездесу болмақ.
Съезде Назарбаевты ұйымның құрметті төрағасы етіп тағайындау туралы нақты шешім қабылданады деп жоспарлануда.