Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Айдалаға апарып, басыма қару тақады": Қиянат көрген үш қызды анасы неге тастап кеткен?

"Айдалаға апарып, басыма қару тақады": Қиянат көрген үш қызды анасы неге тастап кеткен?

Түркістан облысында үш қыздың оқиғасы ел аузында қызу талқыда. Оқиғаға қатысты түрлі деректер айтылып, істің беті ашыла батады. Осы ретте заңгер Айгүл Орынбек үш қыздың туған анасымен тілдесті.

Сурет: "Еуразия бірінші арнасы"/ скриншот
Айгүл Орынбек Facebook желісінде тікелей эфирге шығып, үш қыздың анасымен сөйлесті. Қыздардың анасы отбасынан не себепті кеткенін баяндап берді.
"Мен өз отбасымнан өз еркіммен кеткен жоқпын. Күйеуім екеуміз 2002 жылы үйленгенбіз. 4 жылдан соң ол теріс салафиттік ағымға кіре бастады. Сақалдылар жұма сайын үйге жиналатын. Мені қыздарыммен бірге бөлемге қамап қоятын. Барлық ісіме көңілі толмады. Ұрып-соға бастады. Қыздарына да қол көтеретін болған. Мені айдалаға апарып, басына қару кезеніп қорқытты. Мен қыздарымды тастаған жоқпын, мені үйден қуып шықты. Кетуге мәжбүр болдым. Туыстарымды өзі секілді сақалдылармен атып кететінін айтты", - дейді қыздардың анасы.
19 сәуір 2019 ж. 1 922 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам