Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Е, Алла, не жаздым саған деп жылаппын": Айнұр Тұрсынбаева басынан өткен қиындықтары туралы айтты

"Е, Алла, не жаздым саған деп жылаппын": Айнұр Тұрсынбаева басынан өткен қиындықтары туралы айтты

Айнұр Тұрсынбаева жолын кімнің байлағанын айтып, қиындықты шешудің жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Айнұр
Айтыскер ақын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жолының ауырлығы туралы көптеген хат келетінін жеткізіп, мәселелерді қалай шешу керек екендігін айтты. Адам - өз өмірінің суретшісі деген қағиданы ұстанған өнер иесі бір кездері өз жолын өзі жапқанын жасырмады. 
"Көптеген xаттар "жолым болмайды, жолым ауыр, жолымды қалай ашамын" деген мағынада келеді. Бір кездері мен де "неге мен сәтсіздікке ұшырай беремін, мен деген жақсы адаммын ғой, олай болса неге жолым болмайды, неге көп қателесемін" деп қиналатын едім. Сөйтсем өз жолымды өзім жауып тастаппын. Елдің бәріне ренжіппін, өкпелеппін, өсек айтыппын, ешкімге сенбеппін. Өзім қателік жасап алып "Е, Алла не жаздым саған" деп орынсыз жылаппын", - дейді ол.
Аллаға сенетін адамның күйзеліске ұшырамайтынын айтады ақын. Кез келген проблема адамның психологиялық ойлау жүйесінен басталатынын ескерген жөн дейді Айнұр Тұрсынбаева. Айтыскер ақын жол ашудың бірнеше түрін ұсынды.
"Жалпы Аллаға шын жүрегімен сенетін адам күйзеліске түспейді негізі. Барлық қиындықты шешуші бір Алла екенін жүрекпен сезінсеңіз, кәдімгідей жеңілдеп қаласыз. Жолыңызды ашқыңыз келе ме? Миыңызды жақсылап тазалаңыз, үйіңізді жақсылап тазалаңыз, садақа беріңіз, адамдардың сыртынан тек мақтау айтып үйреніңіз, мешітке барып Алламен сырласыңыз, науқастардың көңілін сұраңыз, ешкімнен ештеңені қызғанбаңыз, балалармен ойнаңыз, балалардан таза энергия алуға болады, тәртіппен ұйықтап үйреніңіз, күніне тым болмаса жарты сағат миыңызға тыныштық беріңіз. Өзгермейтін нәрсе жоқ!" - деп қорытындылады ол.
29 сәуір 2019 ж. 2 625 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 426 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам