2 миллион мысықты өлтіру. Кімге және не үшін қажет?
Австралия билігі жабайы мысықтарға қарсы күрес жұмыстарына қызу кірісіп кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі CNN сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2020 жылға қарай 2 миллион мысықтың көзін жою жоспарланған.
Алғаш рет мысықтар бұл жер бөлігіне 17-ші ғасырда әкелініп, содан бастап рекордтық деңгейде көбейген. Мысықтар табиғатқа келтірген зияны үшін және сүтқоректілер мен эндемиктердің 20-дан астам түріне жойылып кету қаупін төндіргені үшін "айыпталып" отыр.
Австралияның әрбір штатында зиянкестермен күресудің әртүрлі ережелері бар. Мысалы, Квисленд штатында бір мысықты өлтірсеңіз, мемлекеттен 7 доллар көлемінде сыйақы аласыз.
Ал, Батыс Австралия штатында ұшақтан уланған шұжықтар лақтырылады. Кенгурудың еті мен гастролобиум өсімдігінен жасалатын удан жасалатын мұндай шұжықтар Перт қаласы маңындағы арнайы фабрикада өндіріледі. Бұл шұжықтар мысықтар үшін өте қауіпті болмағанымен, басқа жануарлар үшін қауіпсіз. Басты себебі, мысықтар жат жерден әкелінгендіктен, мысықтарда жоғарыда аталған улы өсімдікке қарсы иммунитет қалыптаспаған.
Айта кететін тағы бір жайт, мысықтарға қарсы тек Австралия емес, көршілес Жаңа Зеландия билігі де аяусыз күрес жүргізіп жатыр. Олар да мысықтар популяциясының санын күрт азайтып, 2050 жылға қарай түгелімен жойып жіберуді көздеп отыр.