Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АҚШ-та жолаушылар мінген ұшақ өзенге құлады

АҚШ-та жолаушылар мінген ұшақ өзенге құлады

АҚШ-тың Джексонвилл қаласында бортында 142 адам болған Boeing 737 жолаушылар ұшағы өзенге құлады. Бұл туралы қала мэрі Ленни Керри Twitter желісінде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

АҚШ-та жолаушылар мінген ұшақ өзенге құлады

«Коммерциялық ұшақ өзенге құлады. Бұл туралы қазір апат орнында жұмыс істеп жатқан өрт сөндіру күзеті хабарлады», - делінеді Керридің хабарламасында. 
Округтік полиция шерифі жолаушылардың жағдайы жақсы екенін айтып, Twitter-парақшасында суреттер жариялады. 
«Коммерциялық ұшақ суға құлады. Ұшақ батып кеткен жоқ. Адамдардың бәрі аман», - дейді ол. 
Артынша шериф тағы бір жазба жариялап, 21 адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Ол зардап шеккендердің ешбірі ауыр жарақаттанбағанын және олардың арасында балалардың жоқ екенін мәлімдеді. 
WJXT арнасы желіде құтқару кеудешесін киген адамдардың суретін жариялады. Суда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. 
CNN басылымы ұшақтың Miami Air әуе компаниясына тиесілі екенін және бортында 136 адам болғанын жазды. Басылым мәліметінше, ұшақ ұшу-қону жолағының шетіне шығып кетіп, салдарынан суға құлаған. 
Ал Fox News порталы ұшақ бортында 142 адам болғанын хабарлады. 
Boeing компаниясы оқиға туралы хабардар екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта мамандар ақпарат жинап жатыр. 

04 мамыр 2019 ж. 1 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам