Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазалыда пакетке оралған нәресте табылды

Қазалыда пакетке оралған нәресте табылды


Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде көшеден табылған шарана ит-құсқа жем бола жаздады, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.
Полиэтилен пакетке оралған сәбиді жабайы мысықтар жеуге оқталған. Абырой болғанда шақалақтың іңгәлаған дауысын естіп тұрғындар көмекке ұмтылған. Денесінде жаны бар сәбиді куәгер дереу үйіне апарып, кіндігін кесіп, жедел-жәрдем қызметкерлеріне берген. Ал тәртіп сақшылар қазір безбүйрек ананы іздестіру үстінде.
«Айы-күні жетіп туылған бала. Сәбидің кіндігі кесілмеген, жолдасымен жүр. Сонымен кіндігін кесіп, жедел жәрдем шақырып, перзентханаға алып кетті. Пакетті мысықтар тырналаған», - дейді Әйтеке би кентінің тұрғыны Перизат Аймағанбетова.
Көрер жарығы бар шақалақ бүгінде аудандық аурухананың перзентханасында жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің денсаулығы қанағаттанарлық. Салмағы 2 келі 700 грамм. Оған ақ халаттылар Рамазан деп есім қойып үлгерген.
«Алған анализімізде жасаған басқа да тексерістерде нәрестенің денсаулығы жақсы деп айтуға болады. Баланың қазір құжаттары дайындалып жатыр. Біз Қызылордадағы сәбилер үйінің заңгерімен хабарласып, керекті құжаттарды дайындап, содан кейін Қызылордадағы сәбилер үйіне өткіземіз», - дейді Қазалы аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бақытгүл Алишева.
04 мамыр 2019 ж. 2 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам