Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Нұрсұлтаннан Арал теңізіне «Арал 2019» экспедициясы жолға шықты

Нұрсұлтаннан Арал теңізіне «Арал 2019» экспедициясы жолға шықты

   12-мамырда «Арал 2019» экспедиция құрамы Нұр-Сұлтан қаласынан Арал теңізі бағытына қарай жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің   ақпараттық хабарландыру қызметіне сілтеме жасап.
Республикалық қоғамдық бірлестік пен Назарбаев Университеті мамандары бірлесіп Солтүстік Аралға ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырмақ.
17 күнге жоспарланған сапар Арал теңізінің Қазақстан аумағы бойынша 4000 шақырымын қамтиды. 2019 жылдың 12 - 28 мамыры аралығында саяхатшылар келесі бағыт бойынша жол жүреді: Нұр-Сұлтан - Арқалық - Торғай - Ырғыз - Шалқар - Бегімбет - Бозой - Оңтүстік нүктесі - Чернышев шығанағы - Құланды - Тұщыбас - Шевченко шығанағы- Шұбартарауыз түбегі - Ақеспе - Бутаков шығанағы - Қотырнақ түбегі - Арал - Қамыстыбас - Қаратерең - Көкарал бөгеті- Қаратерең - Байқоңыр - Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Нұр-Сұлтан.
Бұл қоғамдық бірлестіктің Аралға бағытталған үшінші экспедициясы. 2016 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізілетін шараға шетелдік және қазақстандық ғалымдар, географиялық қоғамның белсенді мүшелері мен кәсіби саяхатшылар қатысады.
Алдыңғы экспедициялар кезінде Солтүстік Аралдың бірнеше бөліктерінде судың гидробиологиялық күйі зерттелген болатын. Осыған дейін Арал теңізінің орташа тұздылығының төмендеу беталысы тіркелген еді. Бұл Солтүстік Аралдағы экологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқаны туралы алдын ала қорытынды шығаруға мүмкіндік берді.
Айта кетер жайт, 2018 жылы Назарбаев Университетінің гидробиолог ғалымдарымен бірге зерттеу спектріне Оңтүстік Арал кіріп, теңіздің Өзбекстан бөлігі де зерттеуге алынды. Ғылыми сынамалардың нәтижелері бойынша планктондық топтанулардың биоалуантүрлілігі, судың ластығы, қышқылдығы, тұз, фосфор деңгейі туралы деректер жиналды. Ол Солтүстік және Оңтүстік Арал экожүйесінің дамуындағы алдын ала трендті анықтауға мүмкіндік берді. Ғылыми зерттеу жұмыстарынан бөлек, экспедицияның мақсаты - Арал өңірі бойынша туристік бағыт картасын жасап, бірегей фото-және бейнематериалдар жинауды көздейді.
13 мамыр 2019 ж. 1 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам