Қызылордада 200 отбасыға көмек көрсетілді

Акцияда көмек алуға келген жандарды мүбарак Рамазан айымен құттықтаған наиб мүфти Алау Шайқымұлы: «Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің арнайы тапсырмасымен бастау алған қайырымдылық шараларының негізгі мақсаты – берекелі айда мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау»-дей келе, мешіт қызметкерлерінің әрдайым көмек беруге дайын екендіктерін жеткізді.
Өкілдікке қарасты қала мешіттері және «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткізілген шарада қала мешіттеріне тіркелген әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 200 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы қасиетті айдың құрметіне ұйымдастырылған мейірімділік акциясының жұма сайын өткізіліп жатқанын және де өз жалғасын таба беретінін хабарлады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі