Бүгін - Қырымбек Көшербаевтың туған күні
64 жыл бұрын (1955) Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев дүниеге келді, - деп жазады "Қазақпарат".
Қырымбек Елеуұлы Қызылорда облысы Қазалы қаласында туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша (1978), КПСС Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (1991) бітірген, саясаттанушы.
Саяси ғылымдар докторы (халықаралық қатынастар). 50-ден астам ғылыми еңбек пен мақалалардың авторы.
1978 жылдан - Қызылорда қаласындағы «Главриссовхозстрой» ЖМК-112 инженері, өндірісті дайындау тобының бастығы. 1979 жылдан - Бүкілодақтық екпінді комсомолдық құрылыс - Қызылорда облысы күріштік инженерлік жүйесі штабының бастығы. 1981 жылдан Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті екпінді құрылыстардағы комсомол ұйымдары секторының меңгерушісі. 1982 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің жауапты ұйымдастырушысы (Алматы қаласы). 1983 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы. 1986 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары (Алматы қаласы). 1987-1988 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі. КПСС Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1988-1991) бітіргеннен кейін 1991 жылдан бастап Қазақ ССР Президенті Аппаратының Мәдениет және ұлтаралық қатынастар референтурасының референті болды. 1991 жылдан - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі. 1994 жылдан - Алматы қаласындағы Калинин ауданының әкімі. 1995 жылдан - ҚР Министрлер Кабинеті Аппараты басшысының орынбасары - ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 1995 жылдан - ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары - аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі. 1996 жылдан - ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы - Баспасөз қызметінің жетекшісі. 1997 жылдан - ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі. 1999 жылдан - ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі. 1999 жылдан - ҚР Білім және ғылым министрі. 2000 жылдан - Батыс Қазақстан облысының әкімі. 2003 жылдан - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі, Финляндия мен Армениядағы төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы. 2006 жылдан 2011 жылғы желтоқсанға дейін - Маңғыстау облысының әкімі. 2012 жылғы шілде-қыркүйек айларында - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2012 жылдан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.
2013 жылдың қаңтарынан қазіргі қызметінде. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2015), ІІ дәрежелі «Барыс» (2009),«Парасат» (2003), «Достық» (РФ, 2006) ордендерімен, медальдарымен марапатталған.