Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қасиетті Рамазан айында туған балаға қандай есім қоюға болады?

Қасиетті Рамазан айында туған балаға қандай есім қоюға болады?

   Рамазан айында мешітке барып, баланың есімін азан шақырып қоятындар көбейе түседі. Мұсылманша ат қоюдың өзіндік ерекшеліктері бар. Жаңа туған сәбиге Алланың есімдері мен пайғамбарлардың есімін қою ұсынылады. Ислам дінінде жақсы мағына беретін ат қою құпталады. Мағынасыз есімнен аулақ болу керек.

"Жақсылыққа жориды"

Алайда балаға Алланың көркем есімін беруге болмайтыны ескертіледі. Ол үшін есімнің алдына "Абд" қосымшасын қою керек. "Абд" мағынасы — "құл" дегенді білдіреді. Мәселен, Абдулкарим болса — Жомарттың құлы, Абдурахман — аса мейірімдінің құлы және т.б.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, әсіресе, Рамазан айында туған сәбилерге мұсылманша ат қойылады. Олардың арасында Рамазан есімі көш бастап тұр.
"Халқымыз әр нәрсені жақсылыққа жориды ғой. Сондықтан қасиетті айда дүниеге келген перзенттерін, негізінен, Рамазан, Ораз, Оразалы, Оразбек, Оразбай, Оразай, Оразғали, Мұхаммед, Оразмұхамед, Мүсілім деп қояды. Бұл есімдер әрі діни, әрі дәстүрлі есімдер қатарында", - дейді ол.
Ал қыздарға Әмина, Зейнеп, Мәриям, Зере, Айзере деген есім беріледі. Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес, осы есімдер алғашқы бестікке кіреді екен.
sputniknews.kz


27 мамыр 2019 ж. 1 989 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам