Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда облысы әлемнің үздік 5 экспорттаушысы қатарында

Қызылорда облысы әлемнің үздік 5 экспорттаушысы қатарында

   Облыста жаһандық бәсекелестік артықшылыққа ие 21 тауар бар. Оның ішінде 4 тауар бойынша әлемдегі экспорттаушы елдердің үздік бестігіне кіреді. Олар - тұз, күріш, балық және минералды заттарды битуммен араластыруға арналған машиналар (өңдеу өнеркәсібінде қолданылады).
Бұл ретте, ұсақталған күріш экспорты бойынша облыс әлемде І орын алып, жаһандық бәсекелестік басымдыққа ие деп хабарлайды Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы.
"Жаһандық салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізуде балық өнімдерінің экспортын қажетті деңгейге дейін ұлғайту зор мүмкіндік болып табылады. Бұл индекс елдің тауар экспортының халықтың жан басына шаққандағы орташа әлемдік көрсеткішке арақатынасын өлшейді», - деп атап өтті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов.
Басқарманың мәліметінше, соңғы бес жылда Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешенінің қарқынды дамуы байқалуда.
Мәселен, негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 27 есеге артты.
Аймақ экспортының шоғырлану деңгейін талдау соңғы бес жылда экспорттың әртараптандырылуын көрсетеді. Осылайша, экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері 5 есеге өсті (3-тен 16 түрге дейін).
Өткен жылы экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 34,5 млн.долларды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда
1,5 есеге өсті.
Айта кетейік, өнімді өткізудің негізгі нарығы - Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Украина, Моңғолия, Польша және Нидерланды.
29 мамыр 2019 ж. 1 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам