Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Атырау облысында ойда-жоқта көл пайда болды

Атырау облысында ойда-жоқта көл пайда болды

Атырау облысы Мақат ауданында ешқандай су көзі жоқ елдімекенде көл пайда болды. 

kol
Ойда-жоқта пайда болған құбылыс жайлы гидрологтар болжам жасады. Айтуларынша, аудандағы жерастында мұнай мен газдан бөлек тұщы су көзі қоры бар, деп жазады 24 хабар арнасы.
Көл екі төбе арасында бірнеше күн ішінде пайда болды. Мамандардың бағалауынша, онда 5 мың кубтан кем емес су жиналған. 
Орал-Каспий бассейні инспекциясы бас маманы Ляззат Қалмағанбетованың айтуынша, бұл гидрологиялық ұңғыма, сол жер жерден су пайда болған. Енді бұл су көзінің қайдан пайда болғанын анықтау мәселесі тұр.
Облыстық экология департаментінің зертханалық бақылау бөлімінің меңгерушісі Жолдасқали Телағысов атап өткендей, судың құрамы белгісіз. 
"Суда қанша пайыз тұз бар, ауыр металл бар ма, басқа не кездеседі. Мамандарымыз осыны анықтайтын болады", - дейді ол. 
Аудан тұрғындары да бұл сұрақтардың жауабын күтіп отыр. Ішуге жарамды тұщы судың жоқтығы ауыл шаруашылығының дамуына кедергісін келтіреді. 21 елдімекен бүгінде орталық су көзіне қосылмаған. 
10 маусым 2019 ж. 1 480 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам