"Маған сөйлемесін": Автобуста қарияны балағаттаған полицей іздестіріліп жатыр (видео)
Желіде полиция қызметкерінің автобустағы жолаушылармен дауласқан видеосы тарады. Видео павлодарлық ақпараттар паблигінде жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Видеодағы жолаушылардың сөзінен байқалғандай, тәртіп сақшысы қарияға бейәдеп сөздер айтып, балағаттаған. Сонымен қатар оның өзіне ұрысқан жолаушылармен дауласқаны көрінеді.
«Неліктен адамдардың құқығын бұзасың? Неге автобуста отырып адамдарды балағаттайсың?» - дейді жолаушы полицейге.
«Маған сөйлемесін», - дейді ашуланған тәртіп сақшысы.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Билялова видеодағы диалектінің аталған өңірге тиесілі еместігін бірден айтты.
«Дәл осы видеоны Павлодардағы барлық автопарктерге жібердік. Тексеруден кейін өңірде №20 маршруттың жоқ екені белгілі болды. Яғни Павлодар облысы полиция департаментінде мұндай қызметкер де, мұндай да автобус та жоқ», - деді ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде видеоның Алматы қаласында түсірілгенін және бейнежазбадағы әйелдің авторлығында дәл осындай көптеген видео бар екенін айтуда.