Қызылорда облысының демографиялық ахуалы
Kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың 1 мамырына облысымыздағы халық саны 797,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 353,7 мың (44,3%), ауылдықтар – 443,9 мың адамды (55,7%) құрады. 2018 жылдың 1 мамырымен салыстырғанда халық саны 10,9 мың адамға немесе 1,4% өсті, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілер жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2019 жылғы қаңтар-сәуірінде туылғандар саны 5920 адамды құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар-сәуіріне қарағанда 2,0% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,53 туылғандарды құрады.
2019 жылғы қаңтар-сәуіріндегі облыс халқының табиғи өсімі 2018 жылғы қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 158 адамға немесе 3,4% кеміп, 4458 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 16,97 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 1462 адамды құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-сәуіріне қарағанда 2,4% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,56 қайтыс болғандарды құрады. 2019 жылғы қаңтар-сәуірде облыста 1 жасқа дейінгі 55 нәресте өлімі тіркелді. 2018 жылғы қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 3,5% азайған. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,29% құрады.
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2019 жылғы қаңтар-сәуірдегі көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 16798 адам кетіп, облысқа 15617 адам келді. 2018 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда облысқа келгендер саны 40,1%, ал облыстан кеткендер саны 38,0% көбейген.
Алыс және жақын шет елдерден 8 адам (2018 жылғы қаңтар-сәуірінде – 14 адам), республиканың басқа облыстарынан 3152 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 2720 адам келген болатын.
Облыстан 4323 адам немесе жалпы көлемнің 25,7% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2018 жылғы қаңтар-сәуірінде тиісінше 3743 адам немесе 30,7% кеткен болатын).
Алыс және жақын шет елдерге 18 адам, ал 2018 жылдың қаңтар-сәуірінде 17 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2019 жылдың қаңтар-сәуірінде 1171 адамға, 2018 жылғы қаңтар-сәуірінде 1023 адамға кему қалыптасқан.
Облыстың 12457 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2018 жылғы қаңтар-сәуірінде 8412 адам).