Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүруде

Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүруде

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, облыс аумағында конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ болып 123 елді мекен анықталған. Осыған байланысты облыстық бюджеттен көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін 214,0 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Жаңабаев мәлімдеді.
«Барлық 123 елді мекендегі 488 070 мал басына және көлемі 2 042 998 шаршы метрді құрайтын 32 512 қора мен аумағы 680 048 шаршы метр 1 192 суат пен шаңлаққа көктемгі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу бекітілген кестеге сәйкес 8 сәуір күні басталып, 12 маусым күні аяқталды. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің көктемгі залалсыздандыру жұмыстарын иммуноферменттік талдау нәтижесінде қосымша қолайсыз тағы да 10 елді мекен анықталып, үнемделген 4,4 млн. теңге қаржы есебінен 19 794 мал басына және көлемі 205 457 шаршы метрді құрайтын 1 405 қора, суат пен шаңлаққа да залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді»,- деді Ғ.Жаңабаев.
Қазіргі таңда облыс бойынша залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігі орташа – 96,8% құрайды.
21 маусым 2019 ж. 1 372 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам