Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Жүрегіммен Арыстамын": Қайрат Нұртас зардап шеккендерге көмектеспек

"Жүрегіммен Арыстамын": Қайрат Нұртас зардап шеккендерге көмектеспек

 

Қайрат Нұртас Арыста орын алған жағдайды зор күйзеліспен қабылдағынын жеткізді. Әнші оқиғадан зардап шеккендерге сөзбен емес, іспен көмектеспек деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Шоу-бизнес өкілі Instagram желісінде өзі туған облыста орын алған төтенше жағдай туралы жазып, жүрегінің ауырғанын жасырмады.
"Бүгінгі Арыс еліндегі жағдай жүрегімді ауыртқаны өтірік емес. Сөзбен емес, іспен көмектескім келеді. Дүйім жұртқа жарияламай көмек бергім келеді. Қолым қысқа болып жете алмай жатырмын.Үш ай бұрын жоспарланған Ресейдегі концертіме ұшқалы тұрмын. "Қолым қысқа" деп соны айтып отырмын. Көпшілік түсінбей қалған сияқты. Жүрегіммен Арыстамын. Арысымау Құдай жар болсын" , - деп жазған әнші.
Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың болып жатқан жайттарға бей-жай қарамай, өз қолдауын білдіріп жатқанына риза болды.
Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болып, салдарынан бір адам қаза болған еді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.
Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.
Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстанекі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.
25 маусым 2019 ж. 2 760 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 445 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам