ЖОЛАУШЫЛАРДЫ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Өркениет биігіне ұмтылған дамыған елдерде «ақылды» қалалар қалыптастыру әлемдік үрдіске айналған. Бұл үрдісті ұстанған елдердің басты мақсаты - қалалардың тұрмыстық қызмет көрсету деңгейін барынша дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру дәрежесін жоғары деңгейге көтеру болып табылады.
Польшалық «Engave» компаниясының Қазақстандағы өкілдігі «Engave Kazakhstan» ЖШС осы мақсатта түрлі бағыттарда жұмыстар атқаруда.
Соның бірі «Жолаушыларды мультимедиялық ақпараттандыру жүйесі» жобасы.
«Қызылорда қаласы тұрғындарының коммуналдық құқықтық сауаттылығын арттыру, коммуналдық қызметтердің оңтайлы жүзеге асуын үйлестіру» әлеуметтік қызметі аясында Қызылорда Автобус паркінің әдістемелік кабинетінде «Engave Kazakhstan» ЖШС директоры «Жолаушыларды мультимедиялық ақпараттандыру жүйесі» жобасының таныстырылымын жүргізді. Жобаның мақсаты - қоғамдық көліктер инфрақұрылымын барынша мультимедияландыру болып табылады. Бұл қоғамдық көліктер қозғалысын бақылап отыру және бұл ақпараттармен жолаушылармен бөлісу, қолыңыздағы смартфонда орнатылған бағдарлама арқылы қоғамдық көліктерде төлем жасай алу.
Оқыту курсына Автобус паркінің жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.