Жаңа білім министрі студенттердің шәкіртақысы қаншаға өсетінін айтты
Келер оқу жылынан бастап жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттердің стипендиясы 30 процентке көтеріледі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов колледж студенттерінің шәкіртақысын көтеру туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жақында президенттің тапсырмасы бойынша жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттердің стипендиясы 30 процентке көтеріледі. Енді, оның көлемі 21 787 теңге болады", - деді Аймағамбетов есеп беру кездесуінде.
Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына берілетін білім беру гранттарының санын көбейтуді тапсырды. Сондай-ақ, кәсіби-техникалық білім беру саласындағы жұмысшы мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттердің стипендиясы артады.
Осы тапсырмалар аясында жоғары оқу орындарында қосымша 5 мың грант бөлінсе, стипендияның көлемі 30 процентке көбейеді.l