"Пәтерлерін бізге берсін": Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар бір басында 67 пәтері бар азаматтан көмек сұрайды
Астанада бір басында 67 пәтері бар адамнан саяжайды мекендеген көпбалалы аналар көмек сұрап отыр. Осынша тұрғын үйі бар елордалық бай-бағланның баспаналарын жалға беріп отыр ма, әлде бәрінде өзі тұрып жатыр ма, әзірге белгісіз.
Жалпы, Нұр-сұлтан қаласында дәл қазір 215 пәтер бос, қаңырап тұр екен. Ал 2600-ден аса жетім бала үй-күйсіз қаңғып жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазір 67 шаршы метр үйі бар адамның бақыттан басы айналады. Ал 67 пәтері бар адамның қуанышы кеудесіне қалай сияды екен. Және сол 67-нің 65-пәтері бір тұрғын үй кешенінде орналасқан. Мүмкін, маңдай термен тапқаны шығар. Кім білген. Әйтеуір, қаржы министрлігінің назарына ілігіпті.
"Бұл пәтерлердің иесін өкінішке қарай мен айта алмаймын. Нұр-Сұлтан қаласындағы 67 пәтер иесіне қатысты бүгінгі таңда анықтау жұмыстары жүргізілуде. Егер бұл азаматтың бұл үйлерді жалға беру немесе коммерциялық бағытта пайдаланғаны белгілі болса, оған қатысты шаралар қолданылады", - деді қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Әнуар Сүлейменов.
10 жылдан бері астанада саяжай жалдап күн көріп жүрген көпбалалы ана Назгүл Пшанова бір адамның басында 67 пәтері бар дегенді естігенде жылап жіберді. Бәрін өзіне жинай бергенше, мұқтаж жандармен неге бөліспейді деп қынжылады.
"Мен сол кісіге бір өтінішім бар еді негізі. Осындай көпбалалы аналарға көмектессе деймін. Өйткені 65 пәтері бар екен. Енді қайда барарымды білмеймін, шынымды айтсам. Үкіметке барғаныммен олар көмектесе алмаймыз деп қайтарып жіберді, әкімшілікке барғанымда. Қазір бес баламен ешкім қабылдамайды бізді. Білмеймін қайда баратынымды", - деді көпбалаы ана Назгүл Пшанова.
Назгүл көпбалалыларға жасалған жеңілдіктерді де ала алмай жүр. Отбасының табысы үш теңгеге асып кетті деп, жергілікті билік оны 21 мың теңгедеген де қағыпты. Астаналық пәтерқұмар азаматтың байлығын естігенде тіпті көпбалалы аналар тұрмақ, депутаттардың өзі шалқасынан түсті.
"Бір адамға осынша пәтерді иелену мәселесін заңмен реттеу керек. Осындай қалталы адамдардың кесірінен көптеген үйге мұқтаж адамдар баспана ала алмай жүр. Себебі, нарықтағы үйлерді ақшасы барлар сатып алады. Менің қабылдауыма келгендердің дені үй сұрайды. Ал 20 мыңның үстінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасы баспанасыз жүр", - дейді мәжіліс депутаты Владимир Косарев.
Депутаттың дерегінше, бас қалада 215 пәтер бос тұр екен. Ал 2666 жетім бала баспанаға мұқтаж қазір. Әзірге, нұр-сұлтандық 67 баспананың иесі рекордсмен. Қаржы министрлігінің дерегі бойынша, елімізде бір басында оншақты пәтері бар 150 адам ғана бар екен.