Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты

Сот тергеуі жүріп жатқанда Эльмира Суханбердиева қамауда болды. Сотқа тергеу изоляторынан оны айдауыл жеткізді. Шеверняева қамауға алынбады. Айта кетейік, бұған дейін сотта Эльмира Суханбердиева мен Елена Шеверняева кінәсін толық мойындаған. Бұрын олар прокурормен іс жүргізу келісімін жасаған, осыған байланысты қылмыстық іс сотқа жеделдетілген тәртіпте жіберілген. Айта кетейік, бұрын сотқа дейінгі тексеру барысында Эльмира Суханбердиеваға пара алды деген айып тағылған. "Пара болған жоқ. Біз бұған дейін де келіспегенбіз, себебі бізге тағылып отырған айыптың негізі балаларға слетте берілуі тиіс болған екі iPhone болған. Бұл бастапқыда пара деп бағаланды. Содан кейін бұл бапты алып тастады", - деп хабарлады Эльмира Суханбердиеваның қорғаушысы Айгүл Әмренова.