Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қыз-келіншектердің бойындағы еркекке ұнамайтын 6 қылық

Қыз-келіншектердің бойындағы еркекке ұнамайтын 6 қылық

  Жазбада әйелдің сүйкімсіз әрекеттеріне тоқтала келіп, өмірде осы қылықтардың бойыңыздан табылуына жол бермеуге шақырады. 

ТЕК ЖАМАНДЫҚТЫ ҒАНА БАЙҚАП, АЙТА БЕРУ
Бұл - әйелдердің арасында өте көп кездесетін жағымсыз әдеттердің бірі. «Қолыңнан түк келмейді, мына түрімізбен аштан өлеміз», «біздің кісіге ондай болу қайдааа», «тағы қоқыс шығармағансың ба?» «ыдысыңды неге ала салмайсың?» «ана кранды қашан жөндейсің, үйді су басады бір күні» секілді сөздер еркекті үйінен сыртқа қашырып, оның бойында әйеліне деген жек көрушілік тудырады. Әйелінен қолдау таппаған еркек агрессияға бейім, соның кесірінен ойы да шашырап, ісі берекесіз болады.

КӨП СӨЙЛЕУ, ӨСЕК АЙТУ, ӨЗІНІҢ ҚАТЫСЫ ЖОҚ АРТЫҚ ІСТЕРГЕ АРАЛАСУ
Әйелдің бойындағы ер адамға ұнамайтын қылықтың тағы бірі – көп сөйлеу. Біреулердің тұрмысын сөз қылу, өмірін сынау, шоу бизнестің өсектерін айту... Аяулы қыз-келіншектер! Өздеріңіз ойлаңыздаршы, мұндай тақырып ер адамдарға қызықты деп ойлайсыздар ма? Мұндай әңгімелер еркекті мезі етеді.

ЖОҚ ЖЕРДЕН МӘСЕЛЕ ШЫҒАРУ (түймедейді түйедей ету)
Үнемі ұрыс шығара беретін, шағым көп айтатын әйел ер адамды жалықтырып, шаршатып алады. Әрине, ер адам суық ақылдың иесі болғандықтан, көп нәрсеге салқынқандылықпен қарайтыны рас. Бірақ «тостаған мың күн сынбайды, бір күн сынады» демекші, сабырдың да таусылып, шыдамның да шегіне жететін кезі болады. Сондықтан болмайтын нәрсеге ренжіп, ұрыс шығаруға әдеттенбегеніңіз абзал.

ҮНЕМІ БІРДЕҢЕГЕ КӨҢІЛІ ТОЛМАЙ ЖҮРУ
Кейбір әйелдер шағым айтуға әдеттеніп алған. Оларға дүкендегі кезектің көптігі, сырттағы балалардың ойнағаны, тіпті, көршісінің даусы да жақпауы мүмкін. Осы секілді нәрселерден жүйкесі жұқарған ол оны жұмыстан келген күйеуіне айтып, оның мазасын алмағаны абзал. Күйеуіңіз болған соң әрине, сырыңызды айтқыңыз келеді, бірақ оның қатысы жоқ осы секілді дүниелерге еркектің басын қатырмағаныңыз дұрыс.

ШЕКТЕН ТЫС ҚЫЗҒАНУ
Әрине, ерін жақсы көрген әйел оны қызғанбай тұра алмайды. Әйелдің бойында қызғаныштың болуы – табиғи нәрсе. Бұл, тіпті, сахаба әйелдердің де арасында болған. Алайда, әйел адам шектен тыс қызғанамын деп күйеуін ренжітіп алудан сақтануы керек.Ал ер адамның өз әйелін қызғануы, оны бөтен көзден тасалауы, қоруы – бұл өте ұнамды амалға әрі құлшылыққа жатады.

ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚАРАМАУ
Әрине, күнде бір көйлек киіп, бетіңізге қымбат бояу жағып, сәнденіп жүруге тұрмыстық жағдайыңыз келмейтін шығар. Бірақ таза, жинақы киініп, тазаланып, үйде әтір сеуіп, үйіңізді таза ұстап, жайлы атмосфера жасап жүруге болады ғой, солай ма? Кір-кір халат, таралмаған шаш, жуылмаған киімдер, шашылған ыдыстар... Бұлар ер адамның көңіл-күйін түсіріп, сізге деген құрметінің, сезімінің бірте-бірте өшуіне алып келеді. Ер адамдар көзбен жақсы көреді, көзбен ұнатады, сондықтан барынша шашыңызды тарап, күлімдеп, әдемі болып жүруге, үйіңізді таза ұстауға тырысыңыз. Өзі нәзік, сөзі жібектей әйелге ер адам күн сайын ғашық болатынын ұмытпаңыздар, құрметті қыз-келіншектер, аналар, жаңа отау құрғажас келіндер!
alashainasy.kz
12 шілде 2019 ж. 1 840 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам