Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мамандар: ауа-райының ыстықтығынан сақ болу қажет

Мамандар: ауа-райының ыстықтығынан сақ болу қажет


Синоптиктер алдағы уақытта да аймағымызда ауа температурасының ыстық болатынын ескертеді. Сондықтан да тұрғындар сақтық шараларын күшейтуі қажет. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте тиісті сала басшылары мәлімдеме жасады.
«Бүгінгі күні аймағымызда күннің қатты ысуы байқалады. Қызылорда облысында ауа температурасы 40 градус болса қатты ыстық, ал 45 градустан жоғары болған жағдайда өте қатты ыстық болып саналады. Қазіргі таңда жұмысшыларға қатысты көп сұрақтар туындап жатыр. ҚР Еңбек кодексінің 23 бабында жазылған. Егер ауа райына байланысты жұмысты жалғастыру жұмыскердің өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтату жұмыс берушінің құқығы әрі міндеті»,-деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.
Әйгерім Жүкелова ,«Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының» бөлім бастығы
- Облыс территориясына жоғары қысым алқабының енуіне байланысты қазіргі таңда жауын шашынсыз ауа райы сақталады. Ертең, 16 шілде күні, ауа температурасы 39-40 градусқа дейін жоғарылайтын болса, шілденің 17-20 аралығында ауа температурасы 41-46 градусқа дейін ыстық күтілуде. Тек солтүстікте, Арал, Қазалы аудандарында 16-17 шілде күндері ауа температура 35-37 градусқа барады. Сонымен қатар, солтүстік пен солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін көтеріледі. Циклонның енуіне байланысты, шілденің 20-нан кейін ауа температура 33-38 градусқа дейін төмендейді. Айдың аяғында жаңбыр күтілуі мүмкін.
«Ауа температурасының жоғарылауына байланысты адамдардың демалыстарын өзен мен көлдердің жағасында ұйымдастыруы көптеп орын алуда. Осыған орай, өзен немесе каналдардың кез—келген, әрі зерттелмеген жерлеріне суға түсу болмайтындығын ескертеміз»,-деді брифингте облыстық ТЖД бастығының орынбасары С. Молдақараев.
Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметовтің айтуынша ауа райының өзгерістері бірінші кезекте адамның денсаулығына әсер етуде. Өткен жылмен салыстырғанда жедел жәрдем станцияларына түсіп жатқан шақыртулар саны өсіп отыр.
«Аймағымыздағы күннің қатты ысуы тұрғындарға әсер етуде. Ең көп шақыртулар жүрек қан тамыр жүйесі ауруларына байланысты болып, екінші орында тыныс алу жолдарының ауаруларына байланысты. Сонымен бірге балалар арасындағы шақыртулардың да саны көбейіп отыр, күн өту мәселесі де өзекті болып отыр. Осыған байланысты облыс тұрғындарын ұзақ сапарлардан, ашық күннің астында ұзақ болудан, тәуліктің ыстық мерзімінде сыртта ұзақ жүруден бас тартуға шақырамыз»,-деді Ж. Абдусаметов.
16 шілде 2019 ж. 1 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам