Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыста І жартыжылдық қорытындыланды

Облыста І жартыжылдық қорытындыланды

   Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов өңірдің 6 ай ішіндегі дамуын қорытындылап, алдағы міндеттерді белгіледі.
Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысымен Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштері бойынша, өнеркәсіптік өнім көлемін қоспағанда, оң динамика қалыптасты.
«Экономикаға тартылған инвестиция 2 есе, құрылыс 2,4 есе, тұрғын үйді пайдалануға беру 21,6 пайыз көлемі бойынша және ауыл шаруашылығында 2,3 пайыз өсім қамтамасыз етілді. Соңғы 6 жыл ішінде облыста мұнай өндіру көлемі 4,2 млн.тоннаға қысқарды. Болжам бойынша, биылғы жылы тағы 1,1 млн.тоннаға қысқарады деп отырмыз. Жалпы өңірлік өнімнің 35% және өңірдегі барлық өнеркәсіп өндірісінің 70% астамы мұнай өндіруге тиесілі екенін ескерсек, бұл әлбетте экономиканың барлық салаларына тікелей және жанама әсер ететіні белгілі. Облыстың экономикалық дамуындағы өсімге қол жеткізу үшін біз аймақ экономикасын индустрияландыру арқылы әртараптандыру стратегиясын жүзеге асырудамыз. Қазіргі таңда индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған 24 жобаның 18-і 90%-дан 100%-ға дейін жоспарлы қуаттылығын игерді», - деді аймақ басшысы. 
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында шығарылған өнім көлемі былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18%, ал экспорт көлемі 37% артты.
Облыстың ірі инвестициялық жобаларымен қатар шағын өндірістерді дамыту бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілуде.
«Осыған байланысты біз "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында жалпы құны 12,6 млрд. теңге болатын 124 жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс жасаудамыз. Бұл - ет-сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, сусындар мен құрылыс материалдарын шығару. Осы жобаларды жүзеге асыру арқылы біз импортты төмендете отырып, бір мезгілде өзіміздің жергілікті шикізат базасын дамытамыз», - деп атап өтті аймақ басшысы.
Облыс әкімі өңірде жүзеге асырылып жатқан бағдарламаламалар туралы айтты. Мәселен, "Ауыл – Ел Бесігі" жобасы аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған облыстың екі аудан орталығында 21 жобаны жүзеге асыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Келесі жылы жоба аясында облыстың басқа аудан орталықтары бойынша да жұмыстар жалғасатын болады.
Сондай-ақ, "Байқоңыр" кешенін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың мамыр айында өңірге жасаған жұмыс сапары барысында Президент Байқоңыр космодромы ғарыш саласының негізі болып табылатынын және облысқа жоғары технологияларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер беретінін атап өтті.
   «Сонымен қатар, коммуналдық қызметтердің жоғары тарифі мен қолданыстағы салықтық режим тұрғындардың кәсіпке деген белсенділігін тежеп отыр. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV аймақаралық ынтымақтастығының форумы барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Байқоңыр" кешенінде еркін экономикалық аймақ құруды пысықтау туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, біз өз тарапымыздан "Байқоңыр" еркін экономикалық аймақ құру тұжырымдамасын және "Байқоңыр" арнайы экономикалық аймақ құру туралы үкіметаралық келісім жобаларын дайындадық. Президенттің қолдауын күтудеміз», - деді Қуанышбек Досмайылұлы.
Өздеріңізге белгілі, өңірдің жедел дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың 7 ақпанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қызылорда облысының өзекті мәселелері қаралды. Елбасы әкімдіктің барлық ұсыныстарын қолдап, Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын бекітуді тапсырған еді.
«Аталған тапсырманы орындау мақсатында ағымдағы жылдың маусым айында Үкіметпен Кешенді жоспар қабылданды. Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде 2022 жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 2 трлн 62 млрд.теңгеге ұлғайтылатын болады», - деді облыс әкімі.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжілісте Мемлекет басшысы Үкіметке және аймақ басшыларына халықтың табысын көтеріп, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тоғыз міндетті жүктеді. Олар: индустрияландыру, агроөнеркәсіптік кешенді және кәсіпкерлікті дамыту, тұрақты макроэкономикалық орта қалыптастыру, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту, білім және денсаулық сақтау жүйесін нығайту, аймақтарды дамыту, мемлекет басқару тиімділігін және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселелері. Біздің ендігі міндет – аймақта басталған жұмысты қарқынды дамыту. Бұған біздің әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де толық жетеді», - деп атап өтті аймақ басшысы.
18 шілде 2019 ж. 1 042 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам